Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖПІШ: ШҚО полицейлері айппұлдарын өтеуден жалтарып жүргендерді анықтауда

ШҚО полицейлері айппұлдарын өтеуден жалтарып жүргендерді анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімшілік іс бойынша қабылданған айыппұл салу туралы қаулыларды уақтылы орындау мақсатында облыс аумағында Полиция департаментімен ағымдағы жылдың 18-20 тамыз аралығында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Осы іс-шара шеңберінде жолдарда прокуратура, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізілетін болады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) талаптарына сәйкес, азаматтардың әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды. Бұл құқық пайдаланылмаған жағдайда, толық соманы ерікті түрде, бірақ отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндігі бар.

Өзге жағдайда, айыппұл салу туралы қаулы атқарушылық тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру