Жамбылдық ер адам 2,2 млн теңгенің асыл тұқымды сиырларын ұрлап кетті
Жамбылдық ер адам 2,2 млн теңгенің асыл тұқымды сиырларын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны ірі мал ұрлығы туралы өтінішпен жүгінді. Ер адам ақпан айында Алғабас ауылының маңындағы жайылымнан белгісіз адам 750 мың теңгенің асыл тұқымды үш сиырының ұрлағанын хабарлады. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 2,2 млн теңгеден асады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары мал ұрлығының 33 дерегін тіркеді. Осыған байланысты Жамбыл облысының Полиция департаменті шаруашылықтарыңыздағы мал басының қауіпсіздігіне бақылауды күшейтуді және азаматтарды малдарын иесіз жаюға жол бермеуді ескертеді.