Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бір нүктелік” ЖПІШ: шымкенттік полицейлер 130 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Шымкенттік полицейлер “Бір нүктелік” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Еңбекші ауданында 130 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысты алдын алу мақсатында 9 сәуір күні қала аумағында “Бір нүктелік” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, бір тәулік ішінде Еңбекші ауданы бойынша жалпы 130 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ұсақ бұзақылық бойынша – 20, тыныштықты бұзу бойынша – 2, қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу бойынша – 16, белгiленбеген орындарда сауда жасаған – 12, кәмелетке толмаған жастардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны бойынша – 10 жайт тіркелген.

Айта кететін ақпарат, мұндай профилактикалық шаралар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру