Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 250-ден астам заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

Жамбылдық полицейлер 250-ден астам заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция департаментімен заңсыз сақталған қаруды іздеу жұмыстары үздіксіз режимде жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар белгілі бір нәтижелер береді.

– Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында полиция қызметкерлерімен 253 бірлік қару, 4431 бірлік оқ-дәрі тәркіленді. Атап айтқанда, 17 автомат, 70 тапанша (оның ішінде 10 ПМ), 147 тегіс ұңғылы мылтық, 19 мылтық және 15 граната. Алынған қарулардың ішінде 41 қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ғимаратынан ұрланған.
Барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

Жамбыл облысының полиция департаменті тұрғындарға қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Мұндай ақпаратты білетіндерден «102» арнасына қоңырау шалуды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру