Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 30 жыл құжатсыз жүрген тұрғынға көмектесті

Жамбылдық полицейлер 30 жыл құжатсыз жүрген тұрғынға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің атына Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны Гүлмира Ысқақовадан алғыс білдірген хат келіп түсті.

Оның күйеуі Комил Шерматов басқа елден көшіп келген және 30 жыл бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Құжаттарының болмауына байланысты ер адам тегін медициналық көмекке жүгіне алмаған.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ресімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды жинауға көмектесті.

Азаматтығы жоқ тұлға қолдаухат берсе, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР заңының нормаларына сәйкес ҚР азаматтығын ала алады. «Азаматтық туралы» Заңның 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бес жыл тұрақты тұратын немесе Қазақстан Республикасының азаматымен (азаматшамен) некеде тұратын (кемінде 3 жыл тұратын) адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін.

Гүлмира Ысқақова полиция қызметкерлеріне кәсібилігі мен көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіре отырып, қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру