Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да етті заңсыз тасымалдаудың екі фактісі анықталды

ШҚО-да етті заңсыз тасымалдаудың екі фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 және 29 қаңтар күндері ШҚО ПД криминалдық полиция бөліністері учаскелік инспекторларымен бірлесіп ұрланған малдың ет өнімдерін сатып алу фактілерін анықтау мақсатында Өскемен қаласы бойынша сауда орындарында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары базарлар мен павильондарды аралап, 12 ет өткізу орны, 42 ет өнімін тасымалдайтын автокөліктерді тексерді, оның барысында ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша 2 бұзушылық анықталды (Ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны үшін).

Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ҚК-нің 196-бабында көзделген қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ет өнімдерінің иелері мен сатушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру