Жамбылдық полицейлер апатты жағдай тудырған жүргізушіні жауапқа тартты
Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында полицейлер Honda Stream автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған бейнежазбасын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен осы автокөліктің жүргізушісі анықталды. Ол Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны болып шықты.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі (Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) және 602-бөлігі 1-бөлігі (Көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құрметті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер! Жамбыл облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды! Есіңізде болсын, сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығы жол ережелерін сақтауға байланысты!