Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер автожолдардың стандарттарға сәйкестігіне тексеру жүргізуде

Жамбылдық полицейлер автожолдардың стандарттарға сәйкестігіне тексеру жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының стандарт талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде.

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына жүргізілген тексеріс нәтижелелері бойынша жол ұйымдарына анықталған кемшіліктерді жоюға нұсқамалар жолдануда.

Автокөлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігін және жайлылығын жақсарту мақсатында «Батыс Европа – Батыс Қытай» автожолының демалыс алаңдарында жасанды жарықтандыруды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– «Рөлде ұйықтап кету» себебімен және жолдың тік учаскелерінде жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын орындардағы шулы жолақтар жаңартылды, – деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығының м.а. Николай Сон.

Одан бөлек, елді мекендерге жақындаған кезде жолдың жүру бөлігінің бетінде 3.24 «Ең жоғары жылдамдықты шектеу 90, 70, 60 км/сағ» белгісі жол бетіне таңбаланып салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру