Жамбылдық полицейлер бұрын жасалған ұрлық дерегін ашты
Жамбылдық полицейлер бұрын жасалған ұрлық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне Мойынқұм ауданының тұрғыны «Балқаш» көлінің жағасында орналасқан жеке қайығынан белгісіз адамның «Ямаха-60» маркалы қозғалтқышты жасырын ұрлап кеткені туралы арызданған.
Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы облысының 42 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ер адам кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды толық көлемде өтеген.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.