Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында досының атынан “қарызға” ақша алған жігіт ұсталды

Қобда ауылының тұрғыны “WhatsApp” мессенджері арқылы алаяқтық жолмен ірі ақша сомасын иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 жастағы жігіт досының үйінде отырып, оның телефонын мессенджерде хат алмасу сылтауымен пайдаланып, өзінің досынан атынан алдау жолымен 135 мың теңгені иемденді. Жас жігіт телефон иесінің байланыс тізімін қарап, танысына шұғыл қажеттіліктерге қарыз беру туралы өтінішпен хабарлама жіберген. Жәбірленуші еш ойланбастан жоғарыда көрсетілген соманы аударған.

Күдікті ұсталып, жасаған ісін мойындап, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру