Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер есірткіге қарсы іс-шаралар кешенін өткізуде

Жамбылдық полицейлер есірткіге қарсы іс-шаралар кешенін өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің бастамасы бойынша ZOOM-конференция форматында «Синтетикалық есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары» тақырыбында дәріс өтті. Ұйымдастырушылардың бірі Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы болды.

Іс-шараға онлайн режимінде 300-ден астам адам қатысты, олардың арасында Жамбыл облысының мектептері мен колледждерінің басшылары, сондай-ақ оқушылар мен студенттер, олардың ата-аналары бар.

Қатысушылар синтетикалық есірткінің зияны туралы бейне дәрістерді тамашалады. Тәртіп сақшылары оларға есірткінің заңсыз айналымының құқықтық салдары, интернет-сайттар арқылы (OLX, телеграм және осы сияқты басқа да бағдарламалар) жастарды есірткі таситын курьерлік жұмыстарға тарту тәсілдері туралы айтып берді.

– Біздің басты міндетіміз – салауатты өмір салтын насихаттауға, азаматтардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға бағытталатын айлық кезінде есірткіге қарсы іс-шаралардың тұтас кешенін жүзеге асыру және оған облыс тұрғындарын барынша тарту, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру