Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тіркемесі бар жүк көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

Қарағандыда тіркемесі бар жүк көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

2 маусымда Қарағанды қаласының ПБ орталық полиция бөліміне қаланың шетінде орналасқан аялдамадан белгісіз адам Volvo жүк көлігін айдап кеткен деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Жәбірленуші Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны жүк жеткізумен айналысатынын хабарлады.

1 маусымда ер адам Қарағандының қасынан күзетілмейтін автотұраққа тіркемесі бар жүк көлігін қалдырып, жол бойындағы қонақүйде түнеген. Таңертең тіркемесі бар жүк көлігінің жоғалып кеткенін анықтаған. Сонымен қатар, жәбірленушінің айтуынша, ұрланған көліктің салонында 3,5 млн теңге ақша мен құжаттар болған. Залалдың жалпы мөлшері 25,5 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай ” 33 жастағы күдіктіні ер адамды ұстады. Ол ұрланған Volvo-ны белгілі бір адамдарға сатып үлгергенін түсіндіріп, мойындады. Полицейлер сатушыларды анықтап, жәбірленушінің жүк көлігі мен тіркемесін тәркіледі.

ҚР ҚК-нің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Теміртауда полицейлер санаулы уақытта құны 2,8 млн теңге болатын көлік ұрлаған 45 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қаскүнем тәуліктің қараңғы уақытын пайдаланып, біреудің көлігіне мінуге шешім қабылдаған. Көп ұзамай оны Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының жасағы тоқтатты. Көлік 36 жастағы жәбірленушіге қайтарылды.

ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, қаскүнем жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 15 тәулікке әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру