Жамбылдық полицейлер интернет-алаяқтықпен айналысқан Түркістан тұрғынын ұстады
Жамбылдық полицейлер әлеуметтік желі арқылы алаяқтықпен айналысқан Түркістан тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының 50 жастағы тұрғыны белгісіз адамның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1 млн теңгеге жуық ақшасын иемденіп кеткенін хабарлаған.
Әлеуметтік желі арқылы хабарласқан күдікті банк қосымшасымен тауарлық несие рәсімдеп беретінін айтқан.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Күдікті Жамбыл облысына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.