Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер ірі көлемде гашиш есірткі затын тәркіледі

Жамбылдық полицейлер ірі көлемде гашиш есірткі затын тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 27 қаңтарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл басқармасының қызметкерлері Шу-Қордай автожолында Алматы қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Шевролет" маркалы көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында капоттың астынан скотчпен оралған үш түйіншек табылды, оның ішінде жалпы салмағы 1 келі 880 грамм "гашиш" есірткі заты болған.

- Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлайды Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру