Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық азамат дүкенде жанжал шығарған

Павлодарда дүкен сатушысы мен сатып алушының арасындағы дау-дамай полиция қызметкерлерінің араласуымен шешілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сатып алушылар мен сатушылар арасындағы дау-жанжалдар  өте жиі кездесетін құбылыс және көбінесе мұндай дау-дамайларға  полиция қызметкерлеріне араласуға тура келеді.

Осындай жағдай бірнеше күн бұрын Павлодар қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде орын алған.

Учаскелік полиция пунктіне азық-түлік дүкенінің сатушысы жүгініп, көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, дүкеннен бір күн бұрын азық-түлік алған сатып алушы жанжал шығарып, сатып алған өнімдерінің балғындығына наразылығын білдіріп, ақшасын қайтаруды талап еткен.

Ал сатушы тауардың жаңа және сапалы екенін айтып, өз көзқарасын қорғауға тырысқан. Ешкімнің ымыраға келгісі келмегендіктен, көп ұзамай сатушы мен сатып алушы арасында болған оқиға  жанжалға айналған.

– Мұның бәрі дүкендегі басқа да сатып алушылардың көз алдында болған, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Учаскелік полиция инспекторы әйелдің шағымы бойынша дүкеннің жанында орнатылған бейнебақылау камерасының көмегімен жанжал шығарған азаматтың жеке басын анықтады. Ол сол аулада тұратын жас жігіт болып шықты.

Жас жігітке қатысты Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды, қажетті құжаттар жиналғаннан кейін материал сотқа жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру