Жамбылдық полицейлер мүмкіндігі шектеулі шетелдікке көмек көрсетті
Жамбыл облысының полицейлері мүмкіндігі шектеулі шетелдікке көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына Тараз қаласының тұрғыны, Ресей Федерациясының азаматы ұлының Қазақстанда тұруына рұқсат беруді жеделдетуді сұрады. Ресей Федерациясында ауыр жарақат алған жас жігіт күнделікті күтім мен емдеуді қажет етеді, ал шетелдік азаматтығына байланысты қажетті медициналық қызметтерді тегін ала алмайды.
Шетелдік жігіттің денсаулық жағдайын және Тараз қалалық сотының 2020 жылдың 7 ақпанындағы шешімімен оның әрекетке қабілетсіз деп танылғанын назарға ала отырып, ішкі істер органдары қажетті құжаттарды алу үшін Тараз қаласының әділет органдарына Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан қажетті анықтамаларды талап ету туралы сұрау жіберді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарды алып, барлық қажетті іс-шараларды жасағаннан кейін шетелдік жігітке Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берді.
Қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін полицейлердің өздері ер адамның тұрғылықты жеріне барып, қағаз формулярларды толтырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне тұруға ықтиярхат дайындау үшін жіберді.
2021 жылдың 19 ақпанында Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев жас жігіттің үйіне келіп, ата- анасына баласының Қазақстанда тұруына ықтиярхатын табыс етті.
Виталийдің анасы алынған құжатқа өте риза болды және полиция қызметкерлеріне олардың мәселесіне немқұрайлы қарамағаны үшін алғысын білдірді.