Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібастық полицейлер жоғалған жылқыны тапты

Түлкібастық полицейлер жоғалған жылқыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын таңертең жайылымға жіберген бес бас жылқысының ішінен бір бас жылқысы үйіне келмей қалғанын айтып арызданған. Арызданушы азамат алғашқыда екі күн өзі іздеген. Содан соң еш нәтиже болмаған соң, учаскелік полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған жылқыны іздеу жұмыстары басталады. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұқбат жүргізеді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексереді.

Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін Түлкібас АПБ-нің полицейлері 30 шақырым жерде орналасқан Ақбиік ауылдық округіне қарасты тау бөктерінен тапты. Табылған жылқы заңды иесіне қайтарылды, жәбірленуші азамат Түлкібастың полицейлеріне үлкен алғысын білдірді.

– Мен үш жасар байталымды жоғалтып, Түлкібас ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден жылқымды іздей бастады және жоғалған малды тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рахмет! Өздеріңіздің арқаларыңызда жылқым табылды, – деді ауыл тұрғыны полицейлерге.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері қырағы болу және малды жайылымда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді, өйткені сіздің малыңыз барымташылардың оңай олжасына әп-сәтте айналуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше, үй шаруашылығын сенімді қоршаумен қоршап, малды таңбалау және сырғалау қажет. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда өз бетінше іздеп, уақыт жоғалтпастан, дереу полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру