Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді

Жамбылдық полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 25 ақпанында «Допинг» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Тараз қаласының Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында «Синтетикалық есірткінің және дәріханалық нашақорлықтың зияны туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ колледж студенттерімен кездесті, оларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен 2021 жылдың 23 ақпанында келіп түскен жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде бейне-дәрістер көрсетілді.

Роликтерді талқылау кезінде студенттер мен оқытушылар есірткі құралдарына қатысты белсенді сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Сондай-ақ, қатысушыларға Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар, 2020 жылғы 11 қаңтарда заңды күшіне енген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру