Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы сенбілікке шықты

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы сенбілікке шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен аптадан бері Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Сіздерге алдағы уақытта полицейлер, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарын сақтай отырып, аптаның әр сенбі күні Нышанов көшесі (С.Ерубаев көшесінен О.Жарылқапов көшесіне дейін аралықта) қоқыстан тазарту, тал егу, талдарды әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын жеткізген болатынбыз. Осыған орай тәртіп сақшылары, облыс орталығы болып, күннен-күнге жасарып, гүлденіп келе жатқан Түркістан қаласының көрікті де әсем, таза қала болуы үшін сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарына атсалысты.

Сенбілік кезінде Түркістандық полицейлер барынша белсенділік танытты.

Аталған іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің 50-ге жуық жеке құрам қызметкерлері қатысты. Ұжым болып, жарыса жұмыс істеген олар өздерінің ауызбіршілігі мен қала тазалығы үшін жасалатын іске бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Олардың бір тобы аулалардағы қураған шөптерді шауып, қоқыс жәшігіне жинаса, келесілері ауланы сыпырып, терезе әйнектерін, есіктерді жуып-шайып, ағаш түптерін қопсытты.

Тазалықты жаны сүйетін тәртіп сақшылары мен ПД-ның қызметкерлері сенбіліктен соң, өздерін сергек және көтеріңкі көңіл-күйде сезінді. Полицейлер атап өткендей, мұндай шаралар тұрақты өткізіліп тұрмақ. Қала тазалығын сақтауға қатысу құптарлық іс болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру