Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны қолдау көрсеткен полицейлерге алғысын білдірді

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері алкогольдік ішімдіктер ішіп, отбасының шырқын бұған азаматқа мәжбүрлеп емдеу түріндегі ықпал ету шарасын қолданып, жергілікті тұрғынның алғысына бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері алкогольдік ішімдіктерді тұрақты түрде қолдануға бейім адамдар тарапынан жол берілетін отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кейіннен мәжбүрлеп немесе ерікті емдеуге орналастыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Мұндай шаралар отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мақсатында қолданылады.

Полиция қызметкерлері пәтерлерді, сондай-ақ жеке сектордағы үйлерін аралап, азаматтарға аймақтық учаскелік полиция инспекторларының визиткаларын табыстайды, өмір мен денсаулықты қорғаудың заңды тәсілдерін түсіндіру бойынша жадынамалар таратады.

Мәселен, полиция қызметкерлері қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жерін тексеру барысында профилактикалық есепте тұрған Қызылорда қаласының 1981 жылы туған жұмыссыз тұрғынының отбасын тұрғылықты жері бойынша тексерді.

Әңгімелесу барысында оның соңғы төрт жылда жиі ішіп, отбасының тыныштығын жүйелі түрде бұзатыны, әйеліне бірнеше рет қол көтергені анықталды. Көршілер тарапынан да жиі шағымдар түскен. Отбасында өте шиеленісті ахуал қалыптасқан, үш бала жиі орын алатын жанжалдардан қорқып қалған. Полицейлер осы отбасыға бірнеше рет шақырту бойынша келіп, аталған азаматпен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды.

Бірақ, ол түзелу жолына түспей, қоғамдық тыныштықты бұзуды жалғастырғандықтан, учаскелік инспекторлар оған қатысты қорғау нұсқамасын шығарды. Содан кейін жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сот оған қатысты мәжбүрлі түрде емдеу және наркологиялық диспансерге жатқызу жөнінде шешім шығарды. Емдеу шаралары аяқталғаннан кейін, ол құрылыс ұйымдарының біріне жұмысқа орналасты.

Қызылордалық әйел полицейлерге оған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, отбасының және балаларының қалыпты өмірге қайта келгендерін алға тартып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру