Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс өңірінің үздік криминалистері марапатталды

Павлодар облысының Полиция департаментінде үздік криминалистер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кішкентай саусақ іздерінің көмегімен қылмысты ашу, қылмыс орнында аяқ киімнің іздерін анықтау сияқты қарапайым адам үшін қиын міндеттер криминалистер үшін күнделікті жұмыс болып табылады. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында еліміздің криминалистикасы қайта құрылды. ДНК талдауы сияқты заманауи әдістер пайда болды, сандық технологиялар қолданылуда. Мұның бәрі қылмыстың ашылуына айтарлықтай ықпал етеді.

– Қазіргі уақытта Павлодар облысы криминалистерінің қарамағында барлық қажетті материалдық-техникалық құралдар бар, криминалистер жылжымалы криминалистикалық зертханамен, жаңа фото – және бейнеаппаратурамен, компьютерлік техникамен қамтылған. Жыл сайын қылмысқа қарсы күресте қолданылатын құралдар мен әдістердің саны кеңеюде. Тәуелсіздік жылдары криминалистердің жұмысының форматы өзгерді. 2000 жылы Павлодар криминалистерінің қызметінде “ПАПИЛОН” автоматты дактилоскопиялық сәйкестендіру жүйесі пайда болды, ол қылмыс орындарынан алынған қол іздерін қысқа мерзімде тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, “Образ+”, “Трасология”, “субъективті портрет” сияқты басқа да криминалистік автоматтандырылған жүйелер қолданылады, олардың көмегімен жасалған қылмыстар тезірек ашылады, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Утеуов.

Қазіргі таңда Павлодар облысының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасын Арғын Сұлтанов басқарады. Криминалистер оқиға орындарын тексеру, техникалық-криминалистикалық құралдар мен ғылыми ұсынымдарды қолдану, ең күрделі қылмыстарды сәтті ашуға мүмкіндік беретін сараптамаларды тағайындау және жүргізу сияқты міндеттерді атқарады.

– Қызметтің бұл бағыты ІІМ жүйесінде жетекші рөлге ие. Бүгінгі таңда ең күрделі қылмыстардың ашылуы сарапшылардың мұқият және жоспарланған жұмысына байланысты. Бүгін облыстың 14 үздік криминалисі грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды, – деп атап өтті Рашад Өтеуов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру