Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер қару-жарақ жасырылған орынды анықтады

Жамбылдық полицейлер қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 ақпан күні сағат 17:50-де Тараз қаласындағы Көшеней көшесі бойынша жедел ақпаратты пысықтау барысында полицейлер бетон плиталарының арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған полипропилен қапшығын тапты.

Оқиға орынынан полиция қызметкерлері зауыттық нөмірлері өшірілген ИЖ-ЗК бір оқпанды тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 4,5 мм калибрлі МР-654К пневматикалық тапаншасын, түрлі калибрлі 85 патронды тәркіледі.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру