Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр

Жамбылдық полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпаннан бастап Жамбыл облысы аумағында жол апаттарының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Мақсаты – жол қозғалысы ережелерін қамтамасыз ету, жылдамдықты асырудың, мас күйінде автокөлікті басқарудың және жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына шығудың алдын алу. Сондай-ақ қала сыртындағы жолдарында жүк көліктері мен қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктерге ерекше назар аударылады.

Іс-шараның алғашқы күні облыс аумағында 900-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.

Мас күйінде көлік басқарған 5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, белгіленген жүру жылдамдығынан асырған 124 құқық бұзушы, маневр жасау ережелерін бұзған 55 адам анықталды. Сондай-ақ, 92 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпаған, ал 8 жүргізуші жолдарда авариялық жағдай туғызған.

Сонымен қатар көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарған 67 жүргізуші анықталып, 174 жаяу жүргіншілер жолдың белгіленбеген жерлерінен өткені үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ Талас ауданының полиция қызметкерлерімен жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін 28 жастағы көлік жүргізушісі анықталды.

– Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адам алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылатын болады. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды – деді ведомство өкілдері.

Бір тәулік ішінде айыппұл тұрақтарына айдауға тыйым салынған 50 көлік қойылды. Бұл профилактикалық іс-шаралар 2023 жылғы 24 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру