Жамбылдық полицейлер «Қазақстан балалары есірткіге қарсы!» акциясын өткізді
Жамбылдық полицейлер мектеп оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қыркүйек Тараз қаласының № 2 орта мектебінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қатысуымен «Қазақстан балалары есірткіге қарсы!» акциясын өткізді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу, нашақорлықпен күрес шараларын күшейту, жасөспірімдер бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.
– Акция барысында Жамбыл облысы ПД Кинологиялық қызметінің көрсетілімдері өткізілді, сондай-ақ қатысушылар арасында есірткінің зияны туралы білуге арналған викторина өткізілді, онда жеңімпаздарға «Есірткіге жол жоқ» логотипі бар көп реттік маскалар табысталды, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.