Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер республикалық автожолдарда рейд жүргізіп жатыр

Жамбылдық полицейлер республикалық автожолдарда рейд жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 20 ақпанынан бастап «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және көлік жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен осы мақсатта бірқатар алдын алу шаралары жасалып жатыр. Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық автожолында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде автожолдардың бекітілген учаскелерінде тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асырады, көлікті тексереді және түсіндіру әңгімелерін жүргізу секілді
қызметтер атқарады.

Автомагистраль арқылы өтетін көліктерді тоқтата отырып, полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, белгіленген жылдамдық және көлік рульіне отырар алдында демалудың маңыздылығы туралы ескертетін жол қозғалысы ережелері туралы брошюралар мен жадынамалар таратады.

– Негізінен республикалық маңызы бар трассалардағы жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің физикалық шаршауынан, белгіленген жылдамдықтан асып кетуінен және маневр жасау ережелерінің бұзылуынан болады. Адамдар бәріне үлгеруге тырысады және жол ережелерін сақтау қажеттілігін елемейді, ал бұның салдары көбінесе ажалға әкеледі. Біздің мақсатымыз – барлық азаматтардың назарын осы мәселеге аудару және жіберілген бір қателік бірнеше адамның тағдырына әсер етуі мүмкін екендігін ескерту, – деді Жамбыл облысы ПД ППБ взводының командирі Серғазы Әбдіқұлов.

Сонымен қатар полицейлер іс-шараның 4 күннің ішінде жол қозғалысы ережелерінің 600-дан астам бұзушылығын тіркеп, белгіленген жылдамдықтан асқан 258 жүргізушіні анықтады. Айыппұл тұрағына барлығы 21 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру