Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер шопанның тұрғын жайынан есірткі, қару-жарақ пен Қызыл кітапқа енгізілген жануардың етін тапты

Жамбыл облысының полицейлері шопанның үй-жайынан бір келіден астам марихуана мен алты дана мылтық, сондай-ақ қарақұйрықтың етін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 12 қарашада Жамбыл облысының полицейлері «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Мойынқұм ауданының мал жайылымында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 34 жастағы жергілікті қойшының кішкене вагонынан жалпы салмағы 1 келі 310 грамм кептірілген марихуана тауып, тәркіледі.

Сонымен қатар аталған вагоннан бір дана ойық қару, бес дана тіркелмеген аңшы мылтығы, елу алты дана патрон, сондай-ақ республика аумағында аулауға тыйым салынған қарақұйрықтың ұшасы мен басы табылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен  (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  және 337-бабының 4-бөлігімен  (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.

Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға дейін, заңсыз аң аулағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру