Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрылыс материалдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Ертіс өңірінің полицейлері құрылыс материалдарын ұрлаған азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының ПД Ертіс аудандық полиция бөліміне аудан көлемінде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарласып, қазан айында осы шаруа қожалығының жұмысшысына тұруға берілген пәтерден жалпы сомасы 96 000 теңге тұратын құрылыс материалдарының ұрланғаны туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған пәтерден құрылыс материалдарын ұрлап кеткен азаматты ұстады.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық)  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру