Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер «Спорт нашақорлыққа қарсы» спартакиадасын өткізді

Жамбылдық полицейлер «Спорт нашақорлыққа қарсы» спартакиадасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде екі күн бойы «Спорт нашақорлыққа қарсы» тақырыбында ауқымды спорттық іс-шара өтті.

Спартакиада спорттың 5 түрінен – волейбол, асық ату, армрестлинг, пресс-жаттығуы, спорттық эстафета бойынша өткізілді. Ең мықты спортшылар атағына ие болу үшін 11 команда сынға түсті.

Жарыс алдында каратэден әлем чемпионы Нұрлан Жұмамұратов барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, жақсы спорттық дайындықтарын көрсетіп, әділ де тартысты ойын көрсетуге шақырды.

– Мұндай жарыстар жастарды жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға баулиды, жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастырады, – деді Нұрлан Жұмамұратов.

Іс-шара қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды «Өнер және спорт факультеті» командасы жеңіп алды, «Мәңгілік Ел» командасы турнирдің күміс жүлдегері атанды, «Қазақстан студенттер альянсы» командасы үшінші орынға табан тіреді. Ал «Қазақстан Волонтерлар лигасы» командасы гран-приді иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Өткен жылы мүдделі органдармен бірлесіп оқушылар, жастар арасында түрлі 780 іс-шара өткіздік. Оның ішінде семинарлар, дөңгелек үстел, дәрістер, спорттық сайыстар, конкурстар мен акциялар да бар, – деп атап өтті ДП ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру