Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер танысын алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты анықтады

Жамбылдық полицейлер 530 мың теңге көлемінде жасалған алаяқтық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасына 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2020 жылдың сәуір айында оның танысы, ер адам құрылыс тендерін ұтып алуға көмектесу мақсатында сенімге кіріп, алдау жолымен оның 530 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденгенін айтып, шағымданды.

Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленуші тарап таныған облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізілуде.

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға сақ және мұқият болу қажеттігін ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, «102» байланыс арнасы бойынша полицияға немесе аудандық полиция бөліміне дер кезінде хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру