Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 59 жүргізуші көлікке жалған нөмір орнатқаны үшін жазаланды

Павлодарда 59 жүргізуші көлікке жалған нөмір орнатқаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілердің арасында өз көлігінде жалған нөмірлер орнататындар немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін заманауи техникалық жаңалықтарды қолданатындар да бар. Осылайша, автокөлік жүргізушілері жол қозғалысы бұзушылықтарын бейнетіркеу үшін орнатылған камераларды алдауға тырысады.

Биыл павлодарлық полицейлер жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар немесе нөмірлердің түрін өзгертуге немесе жасыруға мүмкіндік беретін құрылғылар мен материалдарды қолдана отырып жабдықталған автокөлікті басқарған 59 жүргізушіні анықтады. Жыл басынан бері көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 6 605 азамат жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 2021 жылдың 16 қазанында Павлодар қаласындағы патрульдік полиция батальонының инспекторлары Толстой көшесінде 63 жастағы жүргізушінің басқаруымен “Scania” маркалы автокөлікті тоқтатты. Ер адам бұл көлікті жалған тіркеу нөмірімен басқарған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қарау үшін материал әкімшілік сотқа жіберілді. Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.

Тәртіп сақшылары нөмірлік белгілерді алып қойды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру