Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сауда орнынан алтын сақиналарды қолды қылған тараздық әйел ұсталды

Тараз қаласының полиция қызметкерлері алтын сақиналар ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 19 қазанында полицияға 67 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, сауда базарының бутиктерінің бірінде белгісіз адамның бір миллион теңге сомасындағы үш әйел сақинасын ұрлап кеткені туралы шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары облыс орталығының тұрғыны, 44 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасуда.

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Полиция департаменті азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру