Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер тұрғындарға есірткінің зияны туралы кітапша таратты

Есірткіге қарсы айлық аясында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қоғамдық орындарда тұрғындарға есірткінің зияны туралы ақпараты бар брошюралар таратты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әсіресе синтетикалық заттардың таралу мәселесіне ерекше назар аударылды. Брошюрада есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат бар. Сондай-ақ, қызметкерлер тұрғындарға "Есірткінің тозағы. Азап айдаған ана" кітабын табыс етті. Кітапта анасы ұзақ уақыт бойы нашақорлықпен күресіп келе жатқан ұлының тағдыры туралы айтады.

- Айлық аясында нашақорлықтың таралуының алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Біз үшін жастардың назарын аудару маңызды. Сондай-ақ ата-аналар мен педагогтарды жалпы проблемадан тыс қалмауға және есірткінің таралуына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз, - деді облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев тұрғындарға.

Іс-шара Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ және "Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру