Жамбылдық полицейлер тұрғынды 3 қап есірткімен ұстады
Жамбылдық полицейлер тұрғынды үш қап есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа 2021 жылдың бірінші күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үйіндегі сарайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 4 кг 535 граммды құрайтын үш қап «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді – бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков хабарлады.
Күдікті өз кінәсін мойындап, Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.