Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасында профилактикалық рейдтер өткізді
Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасында профилактикалық рейдтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір апта ішінде ювеналды полиция қызметкерлері 74 рейд жүргізді, оның барысында ішкі істер органдарына 131 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 196 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмаған үш баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін екі әкімші, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР Заңнамасын бұзғаны үшін екі дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 128 заңды өкілге әкімшілік хаттама жасалды.
Апталық рейд барысында ІІО-да профилактикалық есепке бір жасөспірім және екі баласы бар бір қолайсыз отбасы қойылды. КБО-ға қаңғыбастығы үшін төрт жасөспірім, бір ата-ана құқығынан айырылған заңды өкіл орналастырылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдердің балаларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін, оларды қараусыз қалдыруға болмайтындығын, сондай-ақ түнгі уақытта көшеге немесе ойын-сауық орындарына жібермеу қажеттігін еске салады.