Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин режимін елемеген шымкенттіктер жауапкершілікке тартылды

Шымкентте карантин режимін елемеген азаматтар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында құрылған мобильді топпен бірлесіп, тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Кезекті рейдтік шара барысында Абай ауданы Сыпырған ата көшесі бойында орналасқан “Бахор” мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, адамдардың көп шоғырлануына жол беріп, той өткізіп жатқаны анықталды. Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабымен тиісті шара қолдану үшін Абай ауданы Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру