Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Қызылжар тұрғынынан қарудың 5 бірлігін тәркіледі

Полицейлер Қызылжар тұрғынынан қарудың бес бірлігін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер СҚО Қызылжар ауданы тұрғынының бірінің үйінен “ИЖ” маркалы қарудың арсеналын алды. Тәртіп сақшылары “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қару иелерін тексерді. Мал өсірумен айналысатын 40 жастағы ауыл тұрғынын тексеру кезінде оның “ИЖ” маркалы тіркелген екі мылтықтың біреуін сейфке салмай сақтағаны анықталды. Одан әрі мұқият тексеру барысында полицейлер тіркелмеген қарулардың да бар екендігін анықтады:екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, сондай-ақ құралған ойық ұңғылы “ИЖ-56 Белка” мылтығы. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ер адмның сөзінше, тіркелмеген қаруларды ол ауылына бұрылатын жолдың жиегінен тауып алған.

Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындады, оның нәтижесі бойынша теріс ұңғылы қаруды заңсыз сақтағаны үшін ауылдықты әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылатын болады.

– Тіркелмеген ойық қаруға қатысты, оларды сақтау қылмыстық жауапкершілікті көздейді, – деп еске салады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин. – Бұл, айта кетсек, тіркелген қаруды сақтау және алып жүру рұқсатын үш жылға автоматты түрде алып тастайды. Осы мерзім аяқталғаннан кейін ғана ауыл тұрғыны барлық қажетті процедуралардан өтіп, қарумен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша емтихан тапсырғаннан кейін ғана, тіркелген қаруын қайтара алады.

“Қару” операциясын өткізу кезінде лицензиялау және рұқсат беру жүйесінің қызметкерлеріне учаскелік инспекторлар, криминалдық полиция қызметкерлері және басқа да бөліністің қызметкерлері көмектесті. Күш біріктіре отыра, операцияның үш күні ішінде 3047 қару иесі тексерілді. 143 бұзушылық, оның ішінде 116-сы сақтау ережелерін бұзу, 27-сі қаруды тіркеу немесе қайта тіркеу, оларды есепке қою тәртібін бұзу анықталды. Заңсыз сақтаудан 13 қару алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру