Жамбылдық полиция қызметкерлері есірткі қылмысының 815 дерегін анықтады
Өткен жылдың 12 айында жамбылдық полиция қызметкерлері есірткі қылмысының 815 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2020 жылдың 12 ай қортындысы бойынша, 815 есірткі қылмыстары анықталды, оның ішінде 120-дерегі есірткі сату, 68 – дерегі аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтау, үш дерек есірткі заттарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау, алты дерек контрабанда және 26 дерек құрамында есірткі бар өсімдіктер егістіктерін заңсыз өсіру, оның 733 түптері жойылды.
Заңсыз айналымнан барлығы 3т. 278 кг. әр түрлі есірткі заттары алынды, оның ішінде 3т. 200 кг. марихуана, 75 кг. астам гашиш, 1 кг. астам героин және 2 кг 200 гр. синтетикалық есірткі, бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының Асқар Жұмабеков айтты.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының аумағында шамамен 251 га жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.