Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Нұр-Сұлтанда көлік ұрлаушыны “ізін суытпай” ұстады

Полицейлер Нұр-Сұлтанда көлік ұрлаушыны “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қаңтарда түнгі уақытта полицияға Кравцов көшесіндегі үйдің тұрғыны хабарласып, аулада мас ер адамның тұрған көліктерді тінтіп жүргенін айтқан.

Күдікті иелері ашық қалдырған көліктен екі рет ұрлық жасаған. Сөйтіп көлік ұрысы электрсорғышты, үш ұялы телефонды және автомагнитолоның колонкасын ұрлаған. Бейнебақылау камерасы арқылы полицейлер ер адамның белгілерін және беталысын анықтаған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Патрульдік полиция қызметкерлері 1 сағат ішінде күдіктіні ұстады. Ұрланған заттар – электрсорғыш, үш ұялы телефон және автомагнитоланың колонкасы күдікті жасырып қойған жылу трассасы құбырының астынан табылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бұрын елорда аумағында жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті құнды заттарды қараусыз қалдырмауды, сақ болуды, автокөліктердің терезесін үнемі жауып жүруді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру