Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғындары полиция қызметкерлеріне алғыс білдіруде

Елорда тұрғындары полиция қызметкерлеріне алғыс білдіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторларының қала тұрғындарымен “Whatsapp” мессенджері арқылы өзара іс-қимыл жасасуы өз нәтижесін беруде.

Өздеріне сеніп тапсырылған аумақта шағымдар немесе проблемалық мәселелерге шұғыл әрекет ету үшін учаскелік полиция инспекторлары чатқа қосылған.

Чаттарда шағымдардан бөлек құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және жолын кесу бойынша міндеттерін адал орындаған учаскелік полиция инспекторының атына алғыс білдіруде.

– Мен Нұр-Сұлтан қаласының “Сарыарқа” ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Бейсеновке алғыс айтқым келеді. Өзімнің немқұрайлылығымнан біздің участокта бағалы заттар салынған сөмкемді жоғалтып алдым. Полиция қызметкері жылдам әрекет етіп, сөмкемді тауып берді. Біздің ауданда осындай қызметкерлердің жұмыс істейтіні өте жақсы. Үлкен рахмет, – дейді “Кенесары” ТҮК тұрғыны.

Полиция департаменті учаскелік полиция инспекторларының қызметін жоғары бағалағаны үшін тұрғындарға алғыс білдіреді. Полиция қызметкерлері азаматтардың тыныштығын қорғау үшін күн сайын қызметке түседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру