Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Іле ауданында өзгенің ауласына ұрлыққа түскен ұрылар тобы қолға түсті

Іле ауданында өзгенің ауласына ұрлыққа түскен ұрылар тобы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іле ауданының Полиция басқармасына Жаңа жылдық мерекелерден кейін Покровка ауылының тұрғындары хабарласып, аулаларына белгісіз біреулердің ұрлыққа түскенін айтқан. Аудандық тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 26 жастағы екі жігітті ұстады.

– Күдіктілердің бірі Іле ауданының, бірі Талғар ауданының тұрғыны болып шықты. Бұлтартпас айғақтардан кейін күдіктілер екі ұрлық дерегін жасағандарын мойындады. Ұсталғандар темір-терсекке әуес болған көрінеді. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деді Іле ауданы ПБ бастығы Марат Күштібаев.

Қос күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған. Қазіргі уақытта олардың өңірдегә осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру