Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық тұрғындар кезекті рет полиция қызметкерлерінің қабылдауында болды

Жамбылдық тұрғындар кезекті рет полиция қызметкерлерінің қабылдауында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 тамызда облыс тұрғындары арыз-шағымдарымен кезекті рет Жамбыл облысы Полиция департаментінің фронт-офисінде ПД бастығының бірінші орынбасары Ербол Тайбековтiң қабылдауында болды.

Сондай-ақ, қабылдауға ПД Тергеу, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, Анықтау басқармалары, аудандық полиция бөлімдері басшылары да қатысып, азаматтардың сұрақтары бойынша кеңес берді.

Келген тұрғындар негізінен кісі өліміне қатысты қылмыстық істер, жол-көлік оқиғасы деректері бойынша қылмыстық істерді тергеу, істерді қарау кезіндегі созбалаңға салу және басқа да жеке сұрақтары бойынша шағымданды.

Полиция қызметкерлерімен әрбір тұрғынның мәселесі мұқият тыңдалып, заң шеңберінде тиісті жауаптары берiлдi.

– Мұндай сипаттағы қабылдау шаралары «халық үнiн еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға, облыс тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге, сондай-ақ өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Қабылдауға жазылған азаматтардың қандай шағымы болса да қараусыз қалмайды. Кез келген тұрғын алдын-ала жазылып, көкейіндегі мәселесін айтуға құқығы бар, – деді Ербол Тайбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру