Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы Алтай ауданының тұрғындарымен кездесті

ШҚО ПД бастығы Алтай ауданының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу Алтай ауданының “Горняк” мәдениет үйінде өтті. Іс-шараға қала тұрғындары қатысып, өздерін толғандыратын сұрақтарын тікелей Полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбековке, облыс прокуроры Алмат Байшолақовқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакеновке және аудан әкімі Ернар Мұстафинге қойып, сондай-ақ шағымдары мен ұсыныстарымен жүгінді.

Айта кету керек, мұндай кездесудің басты міндеті – адамдарға өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша толық ақпарат беру.

Облыстың бас полицейі Серік Жүнісбеков азаматтар алдындағы жұмыстың қорытындысы туралы бірінші болып баяндады. Ол аудан тұрғындарын ішкі істер органдарының жұмысы және аудандағы қылмыстық ахуал туралы хабардар етті, полиция бөлімінің жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылдаған шаралары туралы, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес саласында жұртшылықпен бірлесіп жүргізілген профилактикалық жұмыстар туралы айтты.

– Алтай ауданының аумағында криминогендік жағдай тұрақты. Қылмыстың төмендеуі барлық бағыттар бойынша байқалады. Аса ауыр қылмыстар 53,3%-ға, ауырлығы орташа қылмыстар – 15,4%-ға және онша ауыр емес қылмыстар -32,9%-ға аз жасалды. Жергілікті полиция қызметінің желісі бойынша жол-көлік оқиғалары 31,9%-ға, жараланғандар саны 16,3%-ға төмендеді. Апаттылықты төмендету және алдын алу мақсатында ағымдағы жылы 102 жол белгісін ауыстыру және орнату жүргізілді. Алтай қаласында қолданыстағы сыртқы көше жарығының 12 000 метрін жаңғырту жүргізілді (жарықдиодты шамдар орнатылды), – деді ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков.

Сондай-ақ облыс прокуроры Алмат Байшолақов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов өз баяндамаларында өзекті мәселелерді атап өтті.

Баяндама аяқталғаннан кейін кездесуге қатысушылар жиналған азаматтардан келіп түскен оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы түскен барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдап, оларға жауап берді.

Тұрғындарды жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша проблемалар, қылмыстық істерді тергеу сапасы, жол қауіпсіздігі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары және басқа да проблемалық мәселелер қызықтырды.

Ал жеке проблемалық сұрақтарымен жүгінгендерді ШҚО ПД бастығы олардың әрқайсысын жеке қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру