Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері мектеп оқушыларына жарық шағылыстырғыш білезіктер сыйлады

ШҚО полицейлері жас инспекторлармен бірлесіп екінші ауысымда оқитын мектеп оқушыларына жарық шағылыстырғыш білезіктер сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен “ШҚО басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “Жігер” балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі” МКҚК әлеуметтік әріптестігі аясында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған “Байқалғыш бол” акциясы өтті.

Іс-шараға “Aq jol” балалар-жасөспірімдер клубының және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №20 мектептің жас инспекторлары қатысты.Жас тәртіп сақшылары полицейлермен бірлесіп екінші ауысымда оқитын мектеп оқушыларына жарық шағылыстырғыш білезіктер сыйлауменн қатар, жаяу жүргіншілердің жолдан дұрыс өту тәртібі туралы айтып, жолдың жүру бөлігінен өтуге көмектесті.

– Көптеген мектептерде күннің қысқаруына байланысты сабақтар кеш аяқталады, ал көп ұзамай таңғы уақытта да күн алакөлеңке болады. Сондықтан ата-аналардың қосымша қауіпсіздік шараларын қолданғандары абзал, – деп атап өтті ЖПҚБ бастығының орынбасары Андрей Ларионов.

Жаяу жүргіншілер – бұл қозғалысқа қатысушылардың ішінде ең қорғалмаған санаты екенін айта кету керек. Статистика көрсеткендей,  адамдарды қағып кетудің басым бөлігі жүргізуші жолға шыққан адамдарды көре алмайтын тәуліктің қараңғы уақытында болады. Әдетте, қолайсыз ауа райы жағдайлары — жаңбыр, батпақ, тұман, қыста-көктайғақ және жаяу жүргіншілерде сыртқы киімдегі шағылыстыратын элементтер түріндегі қорғаныстың болмауы қосымша себептер.

Зерттеулер көрсеткендей, жаяу жүргіншілердің шағылыстырғыштарды қолдануы көлік құралының қараңғыда жаяу жүргіншіні қағып кету қаупін 6,5 есеге төмендетеді. Фардың жақын қашықтықтан жарығымен қозғалған кезде жүргізуші жарық қайтаратын элементі бар жаяу жүргіншіні 130-140 метрден, онсыз – 25-40 метр қашықтықтан байқайды. Ұзақ қашықтықтан жарықпен қозғалғанда ол жаяу жүргіншіні 400 метрге дейін қашықтықта байқайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру