Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда телефонды түзеу мекемесіне сәбізге тығып, кіргізбек болғандар анықталды

Таразда телефонды түзеу мекемесіне сәбізге тығып, кіргізбек болғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты орташа қауіпсіздіктегі №25 мекемесінде болды. Тәртіп бұзушының әрекеті жедел іздестіру жұмыстарын күшейту жөніндегі ведомствоаралық бірлескен жоспардың 5-тармағын орындау барысында әшкере болды.

Осылайша, жедел ақпарат бойынша мекемедегі жедел бөлімінің және прокуратура қызметкерлері бірлесіп тыйым салынған заттарды анықтаған. 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері – қатардағы жауынгерлер Е. Қуанышов пен А. Есіркесімов, ефрейтор Қ. Сметов көліктерді бақылау-өткізу пунктінде жеткізілген өнімдерге тексеру жүргізген. Тінту шараларының нәтижелері бойынша “Еңбек-Тараз” РМК қоймасына тамақ өнімдерін әкелген жүк көлігінен түсірілген сәбіз салынған қапшықтан полиэтилен пакетке оралған түйіншек табылып, тәркіленді.

Тексеру кезінде оның ішінде екі microSD (жад картасы), бір камерасы бар көк түсті чип, және 7 смартфон бары анықталды.

Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша материалдарды Тараз қаласының әкімшілік сотына беру үшін шаралар қолға алынуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру