Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда әйел қамаудағы күйеуіне телефон бермек болған

Таразда әйел қамаудағы күйеуіне телефон бермек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№59 түзеу мекемесіне ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелдің әкелген сәлемдемесін тексеру барысында ішіндегі аяқ киім арасынан екі ұялы телефон табылып, тәркіленді. Бұдан бөлек, заңды бұзған әйелдің іш киімінен зарядтағыш құрал мен жасыл түсті исі бар белгісіз зат жасырылғандығы анықталды.

Бастапқыда жазасын өтеушінің жұбайы мекеме қызметкерлеріне өзімен бірге тыйым салған заттардың жоқ екенін айтқанымен, сотталғанға әкелген әрбір затты мұқият тексеру кезінде мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған заттарды алып өтудің тағы бір дерегінің алдын алды.

Қазіргі аталған дерек бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің есеп және ақпарат кітабына тіркеліп, түрме тәртібін бұзған әйелдің ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру