Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддер полицейлері жоғалған оқушыны тапты

Риддер полицейлері жоғалған оқушыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қыркүйек күні түнде сағат 23:50-де Риддер қаласы полиция бөлімінің 102 жедел арнасына қала тұрғыны жүгінген. Ол полицияға Гагарин атындағы мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы, 15 жасар ұлының түстен кейін мектептен шығып, түнгі уақытқа дейін үйге оралмағанын жеткізді.
Өтінішті қабылдап, жоғалған жасөспірімді іздеуге барлық күштер мен құралдар дереу тартылды. Кәмелетке толмаған баланы іздеу бойынша жұмысты Риддер қаласы ПБ бастығы Қанат Синиязов үйлестірді.

Түнде көтерілген жеке құрам бірден тұрғын үй массивін, әр көшені, үйлерді және оларға іргелес аулаларды тексерген.

16 сағат бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі жақсы аяқталған-бала тірі және оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Оны полиция қызметкері Мағжан Жұмабаев тауып алған, ол іздестіріліп жатқан жасөспірімді досымен бірге көшеде жүргенде көрген.

Тергеу барысында кәмелетке толмаған баланың осы уақытты бойы досыммен бірге қараусыз қалған үйде өткізгені белгілі болды, бұл туралы хабар-ошарсыз кеткен жас жігіттің анасына хабарлады.

Жасөспірімді үйіне қайтарды. Полиция қызметкерлері онымен және оның ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру