Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында өзбекстандық әріптестермен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында өзбекстандық әріптестермен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Академияға Өзбекстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздік университетінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Айдар Сайтбеков пен университет бастығы Мирзаюсуп Рустамбаев білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды. Бұл құжат құқықтық тәртіпті, өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін ғылыми әлеуетті кеңейту саласында тәжірибе алмасу бойынша нақты іс-шараларды көздейді.

Екі жетекші ведомстволық оқу орындары өкілдерінің кездесуі таныстыру іс-шараларымен жалғасты. Достас елден келген қонақтарға мамандар даярлауға арналған оқу алаңдары көрсетілді. Бұл киберлаборатория, баспасөз орталығы, тәрбиелік және идеологиялық астары бар атаулы аудиториялар. Сондай-ақ, сапар бағдарламасы барысында кинологиялық қызмет жайында да ақпарат берілді.

Қонақтар да өз тәжірибелерімен бөлісті. Қоғамдық қауіпсіздік университетінің бастығы Мирзаюсуп Рустамбаев ҚР ІІМ Алматы академиясының профессор-оқытушылары құрамына, магистранттарына, докторанттарына және тыңдаушыларға дәріс оқыды.

Халықаралық кездесу барысында шырша отырғызылып, Мақан Есболатовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру