Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Риддер тұрғындарымен кездесті

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков Риддер қаласының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге қала тұрғындары қатысып өздерін толғандыратын сұрақтарын тікелей ШҚО Полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбековке, облыс прокуроры Алмат Байшолақовқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакеновке және қала әкімі Дмитрий Горькийге қойып, сондай-ақ шағымдар мен ұсыныстармен жүгіне алды.

Айта кету керек, мұндай қарым-қатынастың басты міндеті – адамдарға өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша толық ақпарат беру.

Облыстың бас полицейі азаматтар алдындағы жұмыстың қорытындысы туралы бірінші болып баяндады. Ол риддерліктерді ішкі істер органдарының жұмысы және қаладағы қылмыстық ахуал туралы хабарлады, полиция бөлімінің жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылдаған шаралары туралы, сондай-ақ жұртшылықпен бірлесіп қылмысқа қарсы күрес саласында профилактикалық жұмыстар жүргізілгенін айтқан.

– Риддер қаласының аумағында криминогендік жағдай тұрақты. Қабылдаған профилактикалық шаралар қылмыстың 18 түрін азайтуға мүмкіндік берді. Өткен жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыстар 42,9%-ға, ауыр қылмыстар 16,4%-ға, ауырлығы орташа қылмыстар 17,6%-ға аз жасалды, сонымен қатар қарақшылық, тонау, ұрлық және бұзақылық саны азайды. Ағымдағы жылдың басынан бастап есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 10 қылмыс анықталды. Қылмыстық айналымнан полицейлер 18 кг астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, – деді Серік Жүнісбеков.

Келесі баяндама облыс прокуроры Алмат Байшолақов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов сөз сөйлеп, сондай-ақ өздерінің өзекті мәселелерін айтқан.

Баяндама аяқталғаннан кейін департамент бастығы жиналған азаматтардан келіп түскен барлық сұрақтар мен ұсыныстарды, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тыңдап, жауап берді.

Тұрғындарды шетелдік азаматтарды уақытша тіркеуге қатысты мәселелер, қылмыстық істерді тергеу сапасы, жол қауіпсіздігі, қосымша тұрақ орнату, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары және басқа да проблемалық мәселелер қызықтырды.

Ал өз проблемалық мәселелерімен жүгінгендерді ШҚО ПД бастығы олардың әрқайсысын тыңдап, жеке қабылдады.

Сол күні облыс ПД бастығы Риддер қаласы полиция бөлімінің акт залында жұмыс кеңесін өткізіп, оған полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты. Өткізілген кеңес аясында Риддер қаласы бойынша және жалпы облыс бойынша жедел жағдайдың ағымдағы мәселелері қаралды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президент Жолдауының тезистері жеке құрам назарына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру