Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік полицейлер 100 жастағы ҰОС ардагеріне әлеуметтік көмек көрсетті

Өскемендік полицейлер 100 жастағы ҰОС ардагеріне әлеуметтік көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ қабылдау-тарату орнының қызметкерлері ҰОС ардагері Анастасия Светочеваға тұрғылықты жеріне барып, көмек көрсетті.

Анастасия Павловна 1922 жылы 11 қарашада ШҚО Күршім ауданы Буденовка ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Ленинград тоқыма институтына түсіп, оны 1941 жылы бітірген. Сол жылы өз еркімен кеңес әскерінің қатарына қосылып, соғысқа аттанды. Соғыс ардагеріне ерліктері үшін “ҰОС қатысқаны үшін”, “Қызыл Жұлдыз”, “Германияны жеңгені үшін” сияқты көптеген медальдар мен ордендер табысталды. Қазір қарт әйел жалғыз тұрады, жақын туыстары жоқ.

Аталған бөлімшенің медицина қызметкерлері тексеру жүргізіп, ұсыныстар берді. Өскемен қаласы ПБ қызметкерлерімен ардагерге әрі қарай да әлеуметтік көрсетілетін болады. Екі ғасырдың куәгері Анастасия Павловна Өскемендік полиция қызметкерлеріне көрсетілген көмек пен көңіл үшін алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Сондай-ақ, полицейлер қарт адамдарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтып, заңсыз қол сұғушылықтан қорғауға көмектесетін мінез-құлық ережелерін еске салады. Бұдан басқа полицейлердің байланыс ақпараттары бар тәулік бойы хабарласа алатын визиттік карточкалары табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру