Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен полициясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды

Өскемен полициясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу іс-шаралары аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары М.Баяндиновтың қатысуымен ҚР ІІМ мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде Өскемен қаласы полиция ведомствосының жеке құрамымен кездесулер өткізілді. Кездесу аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілік мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларына сыйлықтар алуға толық тыйым салынғандығы, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамы кеңейтілгендігі және пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғандығы түсіндірілді.

Сондай-ақ, тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік аппарат арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа құралдар енгізілуде. Атап айтқанда, жосықсыз қызметшілерді уақтылы анықтау және жұмыстан босату мақсатында парасаттылыққа тексеріледі (integrity check) және активтерді іздеу, қайтару, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу бойынша “ақшаны қадағалау” (follow the money) қағидаты іске асырылады.

Кездесу барысында Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Баяндинов 2022 жылдың сәуір айында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ілгерілетуге және іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, оны туындататын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды іске асыру мақсатында ҚР ІІМ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғандығын атап өтті.

Осы Меморандум шеңберінде ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша, шешімдер қабылдау процестерінің ашықтығын күшейту бойынша шаралар қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзбеушілік атмосферасын құруға ықпал ететін іс-шаралар жүргізілуде, – деп мәлімдеді Марат Бексолтанұлы.

Кездесу соңында  сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері басқарма басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті, өз қарамағындағы қызметкерлерді адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа, азаматтардың мүдделеріне қызмет етуге шақырып, жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау туралы ескертті және бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру